АЗИЯНЫ МОЙЫНДАТҚАН АУЫЛ ПЕРЗЕНТІ
Туған жерге табан тіреген чемпионды ел-жұрты ерекше ықыласпен қарсы алды. Жапонияда өткен Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілген аралас жекпе-жек бойынша топ жарып, алтыннан алқа таққан Қадырбек Шынбаевтың жеңісін Тасқала жұртшылығы зор қуанышпен атап өтті. Аудан орталығында ұйымдастырылған салтанатты шарада жас спортшыға ауылдастары ақжолтай тілегін айтып, құрмет көрсетті.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо