ЖАЙЫҚТЫҢ ЖАДЫ – ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ШЕЖІРЕСІ
Жайықтың қос қапталы – ғасырлар қойнауынан сыр шертетін тарихи мекен. «Атамекен» өнер ордасында «Ұлы дала заманы: Жайық өңірі және тарихи мұрасы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиында Жошы ұлысының тарихы мен Жайық қалашығының құпиясы, көне жазба ескерткіштер мен тарихи тұлғалар тағылымы кеңінен талқыланды. Ғалымдар мен зерттеушілер бас қосып, Ұлы дала мұрасын зерделеудің жаңа бағыттарын ортаға салды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо