«ЖАЙЫҚ ТОЛҚЫНЫ» ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ
Батыс Қазақстан облысының креативті индустрия өкілдері бас қаланы бағындырып қайтты. Елордадағы Qazaq Creative Hub алаңында өткен Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Ақжайық өңірінің «Жайық толқыны» атты көрме-жәрмеңкесі өтті. Жайық бойының төл мәдениетін заманауи трендтермен ұштастырған батыстық шеберлер астаналықтарды бірегей туындыларымен, дизайн жобаларымен және IT-стартаптарымен тәнті етті. Екі күндік шығармашылық керуеннің қорытындысын Астанадан оралған әріптесім Тәтті Мақсотқызы жалғастырсын.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо