МИНИСТР ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Тақырыпты жалғастырамыз. Су саласындағы заңнама жаңарып, инфрақұрылымды жаңғыртуға басымдық берілмек. Оралда тұрғындармен кездескен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов министрлік құрылған 3 жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, өңірдегі су нысандарының жағдайына тоқталды. Жиынға сала мамандары мен су шаруашылығы мамандығында білім алып жүрген студенттер де қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо