ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТ ФЕСТИВАЛІ
Оралда алғаш рет мүгедектігі бар азаматтарды ортақ алаңға тоғыстырған «Киборг старт спорт» спорттық фестивалі өтті. Қаладағы мәдениет және демалыс саябағында ашық аспан астында арнайы спорт алаңдары жасақталды. Жасына, денсаулық жағдайына қарамастан, шаһар тұрғындары белсенділік танытып, бақ сынады. Жарысқа қатысушылар спорттың адамды біріктіріп, мүмкіндіктер шекарасын кеңейтетінін тағы бір мәрте дәлелдеді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо