АУЫЛ АЖАРЫ – ЕЛ МЕРЕЙІ
Қаратөбеде ауылдың ажары артып келеді. Көшелерге көрік берген көк желек көбейіп, көпшілікке ортақ орындар жаңа сипатқа енуде. Биыл аудан аумағында жүздеген көшет отырғызылып, орталық саябақ та жаңаша түрленді. Мұнда ұлттық нақыштағы домбыра мүсіні бой көтеріп, түрлі түске құбылатын субұрқақ іске қосылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо