«ҚАЛАДАН – АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ИГІЛІГІ
«Қаладан – ауылға» бағдарламасы халықтың қалаға көші-қон ағынын төмендету, ауылдық жерлерде жұмыс күшінің тапшылығын жою, агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуын сақтауға бағытталған. Мәселен қазір ауылға көшкен жұрт баспана және тұрақты жұмыспен қатар, мемлекеттік грант арқылы өз ісін ашуда. Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округіне қоныс аударған мұндай отбасылардың саны қазірдің өзінде оннан асады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо