Негізгі Жаңалықтар МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ОБЛЫС ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ОБЛЫС ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевті қабылдады. Президент аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті тыңдады. Нариман Төреғалиевтің айтуынша, өңірлік жалпы өнім көлемі үш жылда 13,6 пайызға ұлғайып, 2026 жылдың 1 қаңтарында 5 триллион теңгеге жетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тартылған инвестиция көлемі 874,5 миллиард теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,6 пайызға өсті. Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұған дейінгі тапсырмаларының орындалуы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо


Бөлісу