Қазақстан мен Ресейдің бірлескен тарихи-мәдени, экологиялық және спорттық-туристік «Жайық - Орал» экспедициясы биыл 30-шы рет ұйымдастырылды. Мерейтойлық сапар Ресейдің Орынбор қаласынан басталды. Бағдарлама аясында Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау мәселесіне арналған Қазақстан-Ресей трансшекаралық комиссиясының отырысы, «Біз–Мы» жастар форумы және «Жайық – достық өзені» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Кейін экспедиция мүшелері Батыс Қазақстан облысына келіп, Орал қаласында ұйымдастырылған іс-шараларға қатысты. Делегацияны облыс әкімі Нариман Төреғалиев қарсы алып, қатысушылармен бірге Жайық өзенінің бір бөлігін қайықпен жүріп өтті. Бұдан соң экспедиция Атырау облысына бағыт алды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо