Адалдық, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік – елдің болашағын айқындайтын негізгі құндылықтар. Осы бағыттағы тәрбиелік жұмысты күшейту мақсатында «Адал адам: қазақстандық патриотизм, еңбекқорлық және азаматтық жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға ардагерлер, әскери қызметкерлер, ұстаздар мен жастар қатысты. Кездесуде патриоттық тәрбие, ұлттық құндылықтарды насихаттау, еңбекке құрмет пен елге қызмет ету жауапкершілігін қалыптастыру мәселелері сөз болды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо