«Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды». ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ел көлемінде әкелер күніне арналған іс-шаралар өтуде. Солардың бірі – Орал қаласында ұйымдастырылған «Жауапты әке – мықты отбасы» атты облыстық форум. Отбасы институтын нығайту, әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлі мен жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланған басқосуға өңірдегі әкелер кеңесінің мүшелері, қоғам белсенділері, құқық қорғау және білім беру, денсаулық сақтау сынды түрлі салада еңбек етіп жүрген ер азаматтар, көпбалалы әкелер қатысты.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо