Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің 190 жылдығына орай жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып ұйымдастырылған шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары марапатталды. «Музей жасанды интеллект көзімен» бейнебайқауы мен «Тарих сөйлейді: жасанды интеллект арқылы жасалған комикс» байқауына өңірдің дарынды жастары қатысып, тарихи мұраны заманауи форматта насихаттауға өз үлестерін қосты. Салтанатты шарада үздік жұмыстар анықталып, авторлар арнайы марапаттарға ие болды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо