Орал қаласында «Қауіпсіз өңір» жобасы аясында жүргізілген мониторинг нәтижесінде 16 мектептің іргелес аумақтарын жарықтандыру қажеттігі анықталды. Мәселені толық шешу үшін 380 жарықшам қою жоспарланып, оның 250-і орнатылды. Жергілікті бюджет есебінен қала көшелерін жарықтандыру жұмысы қарқын алды. Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев тұрғындар қауіпсіздігі үшін маңызды жобалардың жай-күйімен танысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо