Орал қаласында «ЖайықTazaRiver» экологиялық акциясы өтті. Оның аясында белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға және экологиялық өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлінді. Акцияға қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын өңір тұрғындары, волонтерлер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Шараға облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев те арнайы барып, қатысушыларға қолдау білдірді.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо