Тасқала төрінде сөз өнерін ұлықтаған тағылымды іс-шара өтті. «Әдебиет күні» аясында жас ақындар поэтикалық дуэльдің көрігін қыздырып, құдіреті зор дауылпаз жыр айрықша айшықталды. Сөз қадірін ұғынған, жыр құдіретін сезінген жас ақындардың додасы ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған. Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалымен бірлесе ұйымдастырылған байқауда бұған дейін 20-ға жуық қатысушы арасынан оза шапқан 8 жас ақын сынға түсті.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо