Оқу жылының аяқталуына бір айдан астам уақыт қалды. Бұл әсіресе, мектеп түлектері үшін ұмытылмас шақ. Ілім-білім үйреткен алтын ұясымен, алғаш қалам ұстатқан ұстаздарымен қимастықпен қоштасатын әсерлі күн. Жуырда ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру кештеріне қатысты жаңа талаптарды жариялады. Сонымен, түлектер кешін өткізуге бола ма?