Орал қаласында 2 баланың көпқабатты үй терезесінен құлау жағдайы тіркелген. Олардың біреуі әлі де ауыр халде. Күн жылынған сайын көпқабатты үйлерде ашық терезеден балаларға төнер мұндай қауіп арта түседі. Осыған байланысты атқарылып жатқан жұмыстар мен алдын алу шаралары туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылып, ата-аналарға балаларының қауіпсіздігін қатаң қадағалау қажеті ескертілді.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо