Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – басты назарда. Обыстық прокуратурада өткен алқа отырысында отбасындағы құқықбұзушылық жеке мәселе емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне әсер ететін кесел екені айтылды. Оған жол бермеу үшін қолға алынған шаралардың тиімділігін арттыру жолдары талқыланды. Алқа отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, облыстың бас прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы, облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Снежанна Имашева онлайн режимде қосылды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо