Оралда білікті хирургтер балаларға тегін ота жасауда. Қайырымдылық жобасы аясында шетелдік және отандық дәрігерлер туа біткен ерін мен таңдай ақауы бар сәбилер мен жасөспірімдерге хирургиялық көмек көрсетіп жатыр. Арнайы медициналық акция облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ұйымдастырылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо