Өңірде жыл басынан бері 123 өрт дерегі тіркеліп, оның салдарынан 9 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды. Өкінішке орай өткен жылмен салыстырғанда барлық көрсеткіштердің өсуі байқалады. Өрт саны 14 жағдайға, қаза болғандар саны 8 адамға, ал жарақат алғандар саны 1 адамға артып отыр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо