Оралда «Батырлықтың алтын бесігі – Жуалы» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Авторы – заң ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-майоры Сейтжан Қойбақов. Кітап аңызға айналған батыр, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігіне арналған. Туындыда оның майдандағы батырлығы ғана емес, адамгершілік қасиеттері, ерекше болмысы мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі баяндалады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо