Әділет саласында ресми құжаттың түпнұсқалығын растайтын арнайы цифрлық мөр пайда болды. Соның арқасында енді құжаттарды шетелде заңды түрде қолдануға мүмкіндік тумақ. Президент 2026 жылды цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялағалы еліміздегі мемлекеттік органдар қызметін кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіру жұмыстары қарқын алды. Бұл үрдістен әділет саласы да тыс қалған жоқ. Бірқатар қызметтер онлайн форматқа көшіріліп, тұрғындарға қолжетімділікті арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Цифрлық әділет туралы облыстық департамент басшысы брифинг барысында толығырақ айтып берді.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо