Өңірде емханаларға қаралған әр бесінші науқастың бауырын май басқаны анықталған. Бұл жөнінде Орал қаласында жалпы тәжірибелік дәрігерлерге арналған оқыту семинарында айтылды. Дәл осы мамандар науқастарды алғашқы болып қабылдап, қажетті медициналық тексеріске жолдама береді. Ақ желеңділердің айтуынша, бауырды май басуының қауіптілігі – ұзақ уақыт бойы ешқандай белгілері болмауында. Сондықтан дәрігерлер тұрғындарды денсаулығына бей-жай қарамай, уақтылы тексеруден өтуге шақырады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо