Орал қаласында еріген қар суынан келер залалдың алдын алу жұмыстары күшейтілді. Қазір шаһардың барлық аумақтарында жеке сектордағы аулалар мен көше бойына үйілген қарды шығару жалғасуда. Мұндай жұмыстар Зачаганск кентінде де жүргізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл күн күрт жылығанда еріген қар суының тұрғын үйлерге кіру қаупін төндірмеуі үшін қолға алынған шара.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо