«Мезгіл мақамдары». Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармониясының 60 жылдығы аясында ұйымдастырылған концерт осылай аталды. Сазды кеш «Атамекен» фольклорлық ансамблінің 35 және Шамғон Қажығалиев атындағы эстрадалық-симфониялық оркестрінің 15 жылдығына арналды. Бұл екі ұжым да өңірдің саз әлемін алыс-жақын шет елдерге танытып жүрген кәсіби өнерпаздардан құралған. Кеш барысында бір топ өнер иесі ведомстволық наградалармен марапатталды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо