Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Арман Өтеғұлов Бәйтерек ауданына қарасты Макаров ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, Конституцияның жаңа жобасындағы өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиында Ата Заңдағы бастамалар жан-жақты сараланып, ел дамуына ықпалы талқыланды. Осындай мазмұндағы басқосу Орал қаласында да жалғасын тапты. Сенат депутаты Ләззат Рысбекова «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ-ның ұжымымен жүздесіп, ел дамуына серпін берер саяси стратегияның мән-маңызына тоқталды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо