Заң мен тәртіп - қауіпсіз Қазақстан үшін! БҚО-да әлеуметтік әріптестік саласындағы ынтымақтастық форумында еңбек құқығын қорғау және еңбек дауларының алдын алу мақсатындағы меморандумға қол қойылды. Құжатта прокуратура, облыс әкімдігі, еңбек инспекциясы және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы арасындағы төрт жақты келісім бекітілген. Мақсат – еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, еңбек дауларын сотқа дейін реттеу механизмдерін дамыту.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо