Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекет тарапынан қолдау бар. Биыл облыс бойынша халықтың осал топтары санатындағы және көпбалалы отбасыларға, барлығы 350 адамға мемлекеттік қайтарымсыз гранттар беру жоспарланған. Бұл өз кәсібін ашқысы немесе қолда бар бизнесті дамытқысы келетін жандар үшін зор мүмкіндік. Орал қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Самал Айтқұлова мемлекет қолдауының арқасында шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкер. Кәсібін ауылдан бастаған ол қалаға көшіп келгеннен кейін де сүйікті ісінен қол үзген жоқ.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо