Батыс Қазақстан облыстық аумақтық референдум комиссиясы құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыс отырысын өткізді. Жиында 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға дайындық барысы талқыланды. Елдегі маңызды саяси науқан кезінде қоғамдық орындардағы қауіпсіздік пен азаматтардың дауыс беру құқығының сақталуына қатысты мәселелер пысықталды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо