Орал қаласында пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды бақылау күшейтілді. Жергілікті полиция қызметкерлері мен пробация инспекторлары бірлесіп, «Қадағалау» жедел-профилактикалық шарасы аясында рейд өткізді. Есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайына барған тәртіп сақшылары заң талаптарының сақталуын тексерді. Нәтижесінде бірқатар құқық бұзушылық анықталып, бірнеше материал сотқа жолданды. 


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо