Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінде жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік іс материалдары мен профилактикалық бағыттағы мәселелер қаралды. Кеңес мүшелерінің шешімімен әдеп нормаларын бұзған Рубежин ауылдық округі әкіміне сөгіс жарияланып, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысына ескерту берілді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо