«KazKioti» – елімізге танымал іргелі кәсіпорын. Зауыт 10 жылдан бері ауыл шаруашылығы техникаларын шығарумен айналысады. Кәсіпорын өз өнімдерін Түркістан облысы, Шымкент, Тараз, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе және Орал қалаларына жөнелтіп отыр. Заманауи тракторларға шаруалар тарапынан сұраныс артпаса, кеміген жоқ. Ең бастысы – сапа мен баға үйлесім тапқан. Арнаның түсірілім тобы сатып алушылармен жолығып, «Dong feng» тракторларының артықшылықтары туралы сұрап білді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо