Қыс басталғалы қала көшелерінен 400 мың текше метрден астам қар шығарылған. Биыл қалың түскен ақ ұлпа коммуналдық кәсіпорын жүктемесін ұлғайтып отыр. Мамандар тәулік бойы күшейтілген тәртіппен еңбек етуде. Алайда қар төгетін полигондардың тапшылығы тасымалдау уақытын ұзартып, жұмыс қарқынына әсер етуде. Бұрын қала маңында үш арнайы орын болса, қазір Зачаганск кентіндегі және Асан ауылы маңындағы полигондар ғана жұмыс істеп тұр. Соған қарамастан, жолдарды аршу, көктайғақтың алдын алу шаралары жоспар бойынша атқарылуда.



#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо