Азаматтық үн мен халық пікірі – басты назарда. Орал қаласында спорт саласының ардагерлері мен еңбек ұжымдарына жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиында Ата заңға енгізілетін өзгерістердің мән-маңызы, ел дамуына берер мүмкіндіктері және қоғам тарапынан түскен ұсыныстар талқыланды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо