Өңір спорты цифрландыруға көшуде. Прокуратура ұсынысымен өткізілген мониторинг барысында балалар мен жасөспірімдерге арналған үйірмелерде жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша ауқымды сәйкессіздік анықталған. Бұл бюджеттен бөлінген ақшаның желге ұшуына себеп болған. Айта кетейік, биыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Даму бала» платформасы арасындағы 3 жылдық келісімшарт мерзімі аяқталған болатын. Сондықтан енді тегін негізде үйірмеге қатысқан оқушылар “QADAM.AI” платформасына ауысады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо