Орал қаласында «HITACHI» газ турбиналы қондырғысы күрделі жөндеуден кейін қолданысқа берілді. «Жайықжылуқуат» кәсіпорынына қарасты 28 Мвт-тық бұл стратегиялық нысан жапондық мамандардың көмегімен 2006 жылы пайдалануға тапсырылған болатын. Өңір үшін маңызы зор қондырғының қайта іске қосылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев арнайы қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо