Өңірде консервіленген киік етін өндіру жолға қойылды. Тек республикамызға ғана емес, алыс-жақын шет елдерге сапалы өнімдерімен танымал «Кублей» ЖШС бұқтырылған киік етін жергілікті нарыққа шығаруды бастап кетті. Қазір мұнда ауысымына 15 мың дана қалбырға салынған өнім дайындалады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо