«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өңірде кең ауқымды профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Басты мақсат – кәмелетке толмағандар, студенттер және жұмыссыз жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Осы бағытта құқық қорғау органдары мен прокуратура өкілдері колледждер мен жоғары оқу орындарында тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Кездесулер барысында студенттерге қолданыстағы заңнаманың негізгі талаптары мен қылмыстық жауапкершілік туралы кеңінен баяндалады. Кезекті маңызды диалог алаңы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде өтті.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо