«Ардагерлерді ардақтайық» жобасына Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының белсенділері үн қосты. Еріктілер ардагерлердің аулаларындағы қарын аршып, қолғабыс етті. Ал Ақжайық ауданында кітапхана оқырмандары арасында «Не? Қайда? Қашан?» атты зияткерлік-танымдық сайыс өтті.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо