«Адам жанының шипагері». Осындай атаумен Қаратөбе ауданында еңбек ардагері Мәрбан Бекмағанбетовті еске алу кеші өтті. Тағылымды шараны Мұхит Мералиев атындағы тарихи-өлкетану музейі және аудандық аурухана ұжымы ұйымдастырды. Ал Жұбан елінде Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармонияның әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанованың шығармашылық концерті өтті.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо