Көгалдандыру және жасыл аймақ құруға арналған жоспар аясында соңғы бес жылда облыста 727 мың түп ағаш отырғызылды. Қалада үш заманауи экоорталық ашылды. Десе де, өңірдегі экологиялық түйткілдерді кешенді шешу бойынша жол картасында бекітілген кейбір тармақтар әлі күнге дейін орындалмаған. Оның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала басшысы мәлімдеді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо