Қысқы Орал – табиғаттың қаталдығы мен сұлулығын қатар өрген ерекше қала. Бұл кездері қала мен далаға аяз өрнегін салып, ақ ұлпа қар жер бетін күмістей көмкеріп жатады. Таңғы салқын ауаны кеудеңе толтыра жұтқанда, қыс өзіне тән қытымыр мінезін сездіреді. Сықырлаған қар астындағы жер-ана адамзат баласына амандық тілеп жатқандай.Ал, жалаңаш ағаштардың бұтақтары ақ қырауға оранып, мөлдір моншақ таққан арудай еркелеп тұр. Қаңтардың бетті шымшыған аяздағы ақ шуағы Орал шаһарының ажарын аша түскендей.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо