Оралдағы «Жайық Арена» спорт кешенінде облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің басшылығымен өңірдегі шахматты дамыту жөніндегі жиын өткізілді. Жиында 2025 жылы атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, шахмат спортын дамыту және насихаттау мәселелері талқыға салынды. Сондай-ақ, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуды жүйелі жолға қою туралы ұсыныстар айтылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо