«Музей – ғұмыр тағылымы». Осындай атаумен облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі өлкетанушы, музей саласының ардагері Сара Танабаеваның 85 жас мерейтойына арналған іс-шара өтті. Оның басшылығымен облыс аумағында ғана емес, өзге өңірлерде де этнографиялық ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылып, музей қоры мыңдаған құнды экспонаттармен толыққан болатын. Бүгінде облыстық музей қорында екі жүз мыңға жуық жәдігер бар.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо