«AMANAT» партиясының облыстық филиалында «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру барысы қорытындыланды. Аталмыш жоба осыдан үш жыл бұрын халықтың қаржылық сауатын арттыру және азаматтардың несие жүктемесін азайту мақсатында қолға алынған болатын. Ол тұтас ел аумағында жүзеге асырылды. Осы уақыт ішінде 28 мыңға жуық облыс тұрғыны қаржылық сауаттылық курстарынан өтті. Мереке қарсаңында тұрғындарға қолдау көрсетудің тиімді құралына айналған жоба қорытындыланып, үздіктер марапатталды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо