Ақын-жыраулар арасында Нұрпейіс Байғаниннің есімі ерекше аталады. Оның жыр, қисса, дастан, поэмаларының ішіндегі шоқтығы биік туындысы - «Нарқыз». Бұл дастан елдік пен ерлікті, ынтымақ, бірлік, ел тұтастығын дәріптейді. Нұрпейіс Байғаниннің 165 жылдығына орай Теректі аудандық мәдениет үйінде мазмұнды шара ұйымдастырылды. Бұл кеште Теректі саз мектебінің мұғалімі, дәстүрлі әнші, термеші Лаура Мұханбетжанова «Нарқызды» асқан шеберлікпен жырлады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо