“Атамекен” өнер ордасында дүниежүзілік және халықаралық байқаулардың лауреаты, «Халықтар достығы» орденінің иегері ұлт тарихындағы тұңғыш оркестр Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концерті өтті. "Ұлттық оркестр - Оралда" деген атаумен өткен екі бөлімді концерттік бағдарламада дара орындаушылар мен белгілі әншілер де өнер көрсетті. Құдіретті күй күмбірлеп, қазақ музыкасы мен классикалық шығармалар орындалған кеш оралдықтарға ғажап көңіл күй сыйлады.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо