Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен Чапай-Жаңақала-Сайхын бағытындағы тас жолда орын алған қайғылы жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрылды. Облыстық ауруханаға жеткізілген 4 науқастың жағдайы өзгеріссіз, орташа деңгейде. Олардың ішінде бір жастағы сәби мен 13 жастағы жасөспірім бар.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо