Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «QAZAQSTAN DAUIRI» газетінің бас директоры Сәуле Мешітбайқызы облысқа жұмыс сапарымен келді. «Аманат» партиясының мәжіліс залында өңірдегі мекеме-ұйым жетекшілерімен, Орал қаласы мен аудандардағы балалар және жасөспірімдер құқығын қорғау комиссияларының өкілдерімен кездесті.