Жетібай Отарбаев пен Шалқыма Құрманалинаның есімдері өңір жұртшылығына жақсы таныс. Бірі – ҚР еңбек сіңірген энергетигі, екіншісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері. Өңірдің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан қос тұлғаның шаңырақ көтергеніне биыл – 60 жыл. Гауһартойға орай Салтанат сарайында тағылымы мол шара өтті.